Accessibility links

Ресей әскери мүмкіндігін жан-жақты күшейтпекші


Ресей президенті Дмитрий Медведев НАТО әлі де Ресей шекарасына жақын жерде өзінің әскери құрылымын кеңейтуді қарастырып жатыр деп, 2011 жылдан бастап Ресейде кең көлемді қайта қаруландыру жүргізуге нұсқау берді.
Бүгін Мәскеуде өткен әскери жиында Медведев Ресейдің ядролық қару-жарақ арсеналын қайта толықтыруға шақырды.
Ресейдің ақпарат көздері өз хабарларында президенттің “кейбір аймақтарда күрделі қақтығыстардың болу мүмкіндігі бар” деген сөздерін келтіре отырып, Ресей күштерінің соғысқа дайындығы күшеюі керек, бәрінен бұрын біздің басымдығымыз стратегиялық қару-жарақ болды деп айтқандарын жазып жатыр.
XS
SM
MD
LG