Accessibility links

Оппозиция Нұр-Отанның меморандумына қарсы


Бүгін Қазақстанның үш бірдей оппозициялық партиясы биліктің Нұр-Отан партиясы ұсынған меморандумына қарсы мәлімдеме жасады. Оппозициялық Азат партиясы, Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы мен Қазақстанның Коммунистік партиясы бірлескен ұстанымдарын партияның сайттарына жариялады. Олардың пікірінше, меморандумның мазмұны барлық қоғамдық және саяси партияларды “биліктің партиясының” маңына бірігуге ресми түрде шақырғандай болады, бірақ іс жүзінде олай емес.
Шындығына келгенде, барлық елдегі саяси және экономикалық билік тек президенттің қолында отыр дейді оппозициялық партиялар.

Оппозиция бұл меморандумның жалғыз мақсат-мүддесі әлеуметтік әрі саяси қарсылық акцияларынан бас тартуға шақыру болып отыр деп санайды. Бірақ іс жүзінде ол жүзеге аспайды деген оппозиция біздің үндеуіміз емес, елдегі көбейе түскен жұмыссыздық, бағаның күн сайын өсуі, бұлыңғыр келешек пен биліктің дағдарысқа қарсы тұра алмауы халықты қарсылық шараларына мәжбүрлейді деп отыр.

Оппозициялық партиялар бұл проблеманы биліктің мәжбүрлі түрде бірігу мен қоғамдық тәртіп орнату арқылы шешуге тырысуы, тыңдамағандарды репрессиялық шараламен қорқыту әрекеті жақсылыққа әкелмейді.
Сонымен қатар оппозициялық партиялар өздерінің саяси және экономикалық тұрғыда билікпен бірінші кезектегі дағдарысқа қарсы шаралар бойынша диалог өткізуге дайын екендіктерін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG