Accessibility links

Ресей қару-жарақ сатып алуға 140 млд доллар бөлген


Ресей президенті Дмитрий Медведев 2011 жылдан бастап Ресейде кең көлемді қайта қаруландыру жүргізуге нұсқау берді. Бүгін Мәскеуде өткен әскери басшылардың жиынында президент Медведев Ресейдің ядролық қару-жарақ арсеналын қайта толықтыруға шақырды:

"Біздің ең үлкен мақсатымыз ол әскерлерімізді соңғы үлгідегі ең жаңа қару-жарақпен қамтамасыз ету. Біз осы мақсаттар мен сатып алуларға айтарлықтай қаржы бөлдік. Тіпті біздің қазіргі қаржылық проблемамызға қарамастан, алдыңғы жоспарланған көрсеткіштер көлемі сақталатын болады".
Ресей бұл мақсатқа 140 млд доллар қаржы бөліп отыр. Сондай-ақ Ресейдің ақпарат көздері хабарларында президенттің Ресей қарулы күштерінің соғысқа дайындығы күшеюі керек, бәрінен бұрын біздің басымдығымыз стратегиялық қару-жарақ болды деп айтқандарын жазып жатыр.
Медведев бұл шараларды НАТО әлі де Ресей шекарасына жақын жерде өзінің әскери құрылымын кеңейтуді қарастырып жатқаны мен халықаралық терроризмге қарсы алаңдаушылықтардан соң қолға алғанын айтты.
XS
SM
MD
LG