Accessibility links

Борышкерлер аштық акциясын қайта бастады


Бүгін, наурыздың 18-і күні Алматыда «Халыққа баспана қалдырайық» атты қозғалыстың 15 мүшесі аштық акциясын қайта жалғастырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ипотекалық несие алған борышкерлердің наразылық акциясына алдағы күндері бірнеше адам қосылмақшы. Аштық акциясын қайта бастағандар банктердің несиесін қайтара алмай отырған борышкерлерге қысым көрсетулерін тоқтатуды талап етіп отыр.

Ең алғашқы аштық акциясын Алматыда қаңтардың 20-ы күні «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысына мүше 12 адам бастаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG