Accessibility links

Қытай мен Солтүстік Корея премьерлері кездесті


Қытай премьер-министрі Уен Жиабао сәрсенбі күні Солтүстік Кореялық әріптесі Ким Ионг Илмен кездесті. Келіссөздер туралы егжей-тегжейлі мәлімет келіп түспеді.

Оның алдында Қытай ресмилері Корея аралындағы “күрделі жағдайға” байланысты алаңдап отырғандарын мәлімдеген болатын. Солтүстік Корея келесі айда байланыс жер серігін ұшыруды жоспарлап отыр. Ал АҚШ пен Оңтүстік Корея болса Пхеньян балистикалық зымыранын тәжірибеден өткізетін көрінеді деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG