Accessibility links

Сот шешіміне шағымданушы тарап риза болған жоқ


Бүгін сағат 12.00-де Алматының Медеу аудандық сотында «Алма-Ата инфо» газеті мен оның штаттан тыс тілшісі Асхат Бименбетовке қарсы жергілікті кәсіпкердің берген талап арызы бойынша азаматтық соттың шешімі шықты. Кәсіпкер Валерий Алефриенко былтыр күзде осы газетте жариялаған өзі туралы мақала ар-ожданына нұқсан келтіргенін алға тартып, соттан моральдық өтем ретінде редакциядан 100 млн теңге (шамамен 667 мың АҚШ доллары) өндіріп беруді сұраған болатын.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кәсіпкердің арызын қарастырған сот талап етілген 100 миллион теңгенің орнына 150 мың теңге берілсін, газетке жазылған мақалаға терістеу жариялансын және 1910 теңге көлеміндегі баж салығын «Алма-Ата инфо» газеті мен оның штаттан тыс тілшісі Асхат Бименбетов төлесін деген шешім шығарды. Ал кәсіпкердің көпшілік алдында кешірім сұрасын деген талабын сот қанағаттандырған жоқ.

Сот үкімінің тыңдауына қатысқан Валерий Алефриенконың мүддесін қорғаушы Петр Кутняков өз кезегінде сот белгілеген ақша сомасының өздерін қанағаттандырмайтынын, сол себепті апелляциялық шағым жасайтындықтарын айтты.
XS
SM
MD
LG