Accessibility links

Бішкекте Ақсы оқиғасын еске алушылар қамауға алынды


Қырғызстан астанасынан түсіп жатқан хабарларға қарағанда, Бішкек полициясы 2002 жылы 6 көтерілісші өлтірілген Ақсы оқиғасының жеті жылдығын атап өтіп жатқан белсенділерді қамауға алды. Оппозициялық Атамекен партиясының өкілі Жомарт Сапарбаевтың айтуынша, сәрсенбі күні адамдар еске алу шарасына жиналғанда оларды полиция ұстаған.
Қамалғандардың қатарында Жемқорлыққа қарсы азаматтар құқы тобының жетекшісі Төлеқан Исмаилова, жетекші оппозициялық саясаткер Топшубек Тұрғыналиевтер бар.
Қырғыстанның Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты бірден растамады. Бұл қамаулар алдағы аптаға жоспарланған жалпы халықтық шеру алдында болып отыр.
XS
SM
MD
LG