Accessibility links

Франция кәсіподақтардың жалпыұлттық шеруі өтуде


Бүгін Францияда үкіметтің елдегі экономикалық дағдарыс кезінде жұмыскерлерге жақсы қолдау көрсетуін талап еткен бір күндік көтерілістер өтуде. Наразылық шерулері Парижбен қатар 200-дей қалада өтеді деп жоспарланған. Хабарларға қарағанда, бүгін таңертең автобустар мен пойыздар талқандалды. Десе де Париждегі метро жолдары әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Кәсіподақтар президент Николя Саркозидің экономикалық саясатын айыптап, оның үкіметі жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қажетті шараларды жасамай жатыр деп билікке қарсы көтеріліп отыр.
Францияда жұмыссыздық 2 млнға жетті, жыл соңына дейін тағы өседі деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG