Accessibility links

Геологтар кәсіби мерекелерін қалпына келтіруді сұрайды


Қазақстандық геологтар дәстүрлі түрде сәуірдің алғашқы жексенбісінде аталып келген «Геологтар күнін» қалпына келтіруді сұрап, ҚР Парламентіне хат жолдады.

Хатқа СССР мен ҚР-ның құрметті кен барлаушысы Уәли Есентаев, СССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Евлампий Бузмаков, ҚР-ның құрметті кен барлаушысы Михаил Гранкиндер қол қойған.

«Геологтар күні» 1966 жылдан бері аталып келе жатқан мереке болатын, Ресейде бұл мереке әлі бар, неге екені белгісіз Қазақстан бұл мейрамды жойып жіберді. Бірақ біз жыл сайын өзіміз осы күнді атап өтеміз. Парламент геологтардың тілегін ескереді деген үміттеміз», — деді «Центрказнедр» департаментінің Валерий Жуковский.
XS
SM
MD
LG