Accessibility links

«Халықтық билік» саяси блогы құрылмақ


Серікболсын Әбділдин басқаратын Қазақстанның Коммунистік партиясы мен тіркелмеген «Алға!» (ДВК) партиясы «Халықтық билік» саяси блогын құратындарын жариялады. Сондай-ақ олар басқа саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді өздеріне қосылуға шақырды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, блок құрудағы мақсат «жұмысты тұрақты үйлестіру, адам, материалдық-техникалық және медиа ресурстарын бірлестіру, сондай-ақ үкіметке қоғамның көкейтесті мәселелерін уақтылы жеткізіп отыру».

«Қазақстандағы мемлекеттік басқару дағдарыста. Дәл осы дағдарыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес тұсында Қазақстан қоғамына адамдарды заңсыздық пен өктемдіктен қорғайтын билікке сындарлы оппонент бола алатын ұстанымдағы оппозиция керек», — делінген хабарламада.
XS
SM
MD
LG