Accessibility links

Иран: Обама өз сөзін әрекетімен дәлелдеуі тиіс


Иранның жоғары лауазымды ресми өкілінің мәлімдеуінше, АҚШ президенті Барак Обама өз сөзін әрекетімен дәлелдеуі тиіс.

Иранға қайырылып жариялаған бейнетаспасында Обама АҚШ пен Иран арасындағы барлық мәселелерді көтеру үшін өз әкімшілігінің Теһранмен арада дипломатиялық байланыстарының “жаңадан басталуын” қалайтынын айтқан. Иран мен басқа елдерде Наурыз мерекесі тойланып жатқан кезде жарияланған бұл бейнетаспада Обама АҚШ ұлттар қауымдастығында Иранның құқықтық орны болуын қалайды бірақ Теһран достық қарым-қатынастарға қол жеткізу бағытындағы өз бөлігін орындауы тиіс деп мәлімдеді.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың кеңесшісі Али Акбар Жаванфекр Обаманың бұл мәлімдемесін жылы қарсы алып, Обама АҚШ-тың Иранға қатысты саясатын түбегейлі өзгертуі тиіс деп атап көрсетті.

АҚШ пен Иран арасында шамамен 30 жыл бойына ресми дипломатиялық қарым-қатынастар болмаған. Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана Обаманың мәлімдемесі Иранмен арадағы байланыстардың “жаңа бабын” ашады деп үміттенетінін айтты.
XS
SM
MD
LG