Accessibility links

Медведев АҚШ-Ресей байланыстарын жақсартуға шақырды


Ресей президенті Дмитрий Медведев АҚШ-пен арадағы байланыстардың шын мәнінде қалпына келетініне үміт білдірді. Медведев АҚШ президенті Барак Обамамен сәуірдің 1-де Лондонда кездеспек. Сол күні экономикасы дамыған жетекші 20 ел тобының саммиті өтеді.

Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынастары Буш әкімшілігі кезінде АҚШ-тың Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары мен Грузиядағы қақтығысқа байланысты шиеленісіп қалған болатын.
XS
SM
MD
LG