Accessibility links

Түркия армян тіліндегі радио ашпақшы


Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің мемлекеттік радиосы армян тіліндегі арнасын ашуды жоспарлап отыр. Анатолия ақпарат агенттігінің айтуынша, армян тіліндегі радио “2-3 айдан кейін” әуеге шығатын болады.

Армения сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы бұл хабарға байланысты пікір білдіруден бас тартты. Түркия мен Армения қарым-қатынастары Осман империясы кезінде армяндардың өлтірілуіне байланысты шиеленісіп қалған болатын.
XS
SM
MD
LG