Accessibility links

Солана: Еуропаға жаңа қауіпсіздік құрылымы қажет емес


ЕуроОдақ сыртқы істер басшысы Хавьер Солана Еуропада жаңа қауіпсіздік құрылымын жасақтаудың қажеті жоқ деді. Солана бұл мәлімдемесін наурыздың 21-де, Брюсселдегі форумда сөйлеген сөзінде жасады. Аталған мәселені НАТО-Ресей кеңесіндегі жұмысты тиімді жолмен ұйымдастыру арқылы шешуге болады деді ол. Солана Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бірге баспасөз мәслихатын өткізген болатын.

Лавров болса, Еуропа қауіпсіздігі ісіне жұмылдырылған ұйымдарға Ресей сияқты елдер мүше емес, сондықтан Ресей Еуропа қауіпсіздігіне араласа алмай отыр деді.
XS
SM
MD
LG