Accessibility links

Тұтқындағы қос кореялық-америкалық журналист Пхеньянда болуы мүмкін


Солтүстік Кореяда тұтқындалған қос кореялық-америкалық журналист тергеу амалдары үшін Пхеньянға жіберілген болуы мүмкін деген болжам бар. Ол журналистерді тұтқындағанын Пхеньян наурыздың 21-де растаған болатын. АҚШ-та орналасқан Current TV деп аталатын онлайн жаңалық компаниясында жұмыс істейтін ол журналист ханымдар елдің Қытаймен шекарасында, босқындар лагерінен хабар жасап жүрген жерлерінен тұтқындалған екен. Бұл жөнінде Пхеньянның ресми ақпарат бұлағы хабарлап отыр.

Аталған оқиға АҚШ пен Солтүстік Корея теке-тірестері ұлғайа түскен кезеңмен тұспа-тұс келуде.

Ресми Вашингтон болса, Пхеньян сәуір айының басында зымырандық сынақтарын бастауы мүмкін деп қауіп ойлауда.

XS
SM
MD
LG