Accessibility links

Венесуэла ел бюджетін қайта қарамақшы


Венесуэла президенті Уго Чавез 2009 жылға арналған ел бюджетін 6,7 пайызға, яғни 72 миллиард долларға қысқарту жөніндегі жоспарын жариялады. Сондай-ақ сатуға салынатын салықтың бұрынғы 9 пайыздан 12-ге көтерілетінін де мәлімдеді. Бұл шаралар мұнай бағасының күрт құлдилауынан туындаған қиындықтардың алдын-алу үшін жасалуда. Мұнай пайдасы OPEC-ке мүше бұл ел дәулетінің жартысын құрайды. Социалисттік партия басшысы сонымен бірге қоғымдық қызметтегі ресмилер айлығының қысқартылып, ал ең төменгі жалақының 20 пайызға көтерілетінін жариялады. Жаңа бюдеттік жоба бойынша әр мұнай барелі 40 доллардан бағаланатын болады.
XS
SM
MD
LG