Accessibility links

Ауғанстанда қарулы деп күдіктелген 5 адам қаза болды


АҚШ-тың бастауындағы коалициялық күштер мен Ауғанстан әскері арнайы рейд кезінде қарулы деп күдіктелген 5 адамды өлтірген. Осы коалицияның айтуынша, наурыздың 22-де Құндыз аймағында болған сол шарада тағы 4 күдікті тұтқындалған екен. Бұл рейд лаңкестік топ мекені деп есептелген жерге жасалған дейді коалиция.

Алайда, аймақтағы жергілікті ресмидің айтуынша, коалиция рейдіне душар болған оның үйі және қаза болғандар қарулылар емес, қарапайым азаматтар болған. Аймақ полициясы басшысының орынбасары сөзіне қарағанда, 300-дей адам аталған рейдтің жасалғанына наразылық өткізуде.
XS
SM
MD
LG