Accessibility links

Ирақ үкіметі оппозициялық топқа қысымын күшейтуде


Ресми Бағдат елде тұрып жатқан Иран халқының мужахедтері деп аталатын оппозициялық топқа байланысты мәселеге нүкте қоймақшы. Ирақтың Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Муаваф әл-Рубаиа теледидар арқылы сөйлеген сөзінде аталған топты ел қауіпсіздігіне үлес қоспауда деп айыптады. Ирақ үкіметі бұл топқа қысымын күшейтуде. Президент Жалал Талабани өткен айда осы топты лаңкестік топ деп атаған болатын.

Иран халқының мужахедтері тобы өздерін ел үкіметінің Ирақтан шығармауларына ықпал етуге БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша комитетін шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG