Accessibility links

АҚШ экономикасы жыл соңында қайта көтеріле бастайды


АҚШ президентінің экономика мәселелері бойынша басты кеңесшісі Кристина Ромер Американың экономикасы осы жылдың соңына қарай қайта көтеріле бастайды деп сенеді. CNN телеарнасына берген сұхбатында Ромер өзінің жорамалы бойынша, осы жылдың барысында АҚШ экономикасының құлдырауы өзінің ең төменгі деңгейіне жетіп, одан кейін біртіндеп көтеріле бастайды деп мәлімдеді.
Ромер ханымның бұл мәлімдемесі қаржы министрі Тимот Гайтнердің қайтарылмаған көп несиесінің салдарынан тығырыққа тірелген банк жүйесін жандандырудың жоспарын жариялауы қарсаңында айтылды.
XS
SM
MD
LG