Accessibility links

Венесуэла президенті Б.Обаманы “бейшара надан” деп атады


Ақ үй президент Барак Обаманы “бейшара надан” деп атаған Венесуэла президенті Уго Чавестің сөзіне түсініктеме беруден бас тартты.
Б.Обама өзге елдердегі терроризмді қолдап отырған Венесуэла президенті Уго Чавесті Латын Америкасындағы дамуға тежеу болып деп атаған соң, өз кезегінде У.Чавес оны Латын Америкасы туралы көбірек білуге тиіс “бейшара надан” деп есе қайтарды.
Сонымен қатар У.Чавес егер Б.Обама Венесуэлаға менсінбей қарай беретін болса, онда АҚШ-пен ашық теке-теріске баратынын ескертті. Президент Дж.Буштың кезінен бері У.Чавеспен АҚШ-тың арасы онсыз да қатты суып кетті.
XS
SM
MD
LG