Accessibility links

М.Горбачев президент Б.Обаманың қабылдауында болды


АҚШ президенті Барак Обама мен вице-президент Джозеф Байден Ақ үйде Совет одағының тұңғыш әрі ақырғы президенті Михаил Горбачевпен кездесті. Олар жұма күні жүздесіп, әңгіме 1 сағаттан ұзаққа созылды. Ол туралы “Горбачев-қоры” президентінің көмекшісі хабарлады.
М.Горбачев – Вашингтонда АҚШ-тың жаңа президенті қабылдаған алғашқы Ресей саясаткері болды. Әңгіме бүкіл әлемдегі ахуал және Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің 1 сәуір күні Лондонға белгіленген кездесуінің қарсаңындағы екі жақты қарым-қатынас мәселелері туралы болды. Сондай-ақ АҚШ президенті Ресейдің ішкі саяси ахуалын сұрастырып білді.
XS
SM
MD
LG