Accessibility links

Кашмирдегі содырлармен қақтығыс әлі жалғасып жатыр


Үндістанның басқаруындағы Кашмирде бесінші күн қатарынан содырлар мен қауіпсіздік күшінің арасында қақтығыс жүріп жатыр. Осы қақтығыстың салдарынан төрт әскери және бес содырдың оққа ұшқаны хабарланды.

Үндістан Қорғаныс министрлігінің өкілі қан өгіс кезінде 11 содырдың көзі жойылғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде жасалып отырған болжамдарға сәйкес, олар Кашмирге Пәкістанның территориясы жағынан өткен.

XS
SM
MD
LG