Accessibility links

Мәскеу белсенділері Түркімен президенті келгенде пикет өткізбекші


Бүгін Ресейдің адам құқықтары жөніндегі қозғалысы Мәскеуде сыртқы істер министрлігін Түркменстандағы Ресей азаматтарына көмектесуге шақырған шеру өткізуді жоспарлап отыр. Қозғалыс жетекшісі Лев Пономарев бұл әрекеттерінің мақсаты - Ресейдің сыртқы істер министрлігінің назарын Түркменстандағы орыстар тап болып отырған проблемаларға аудару деді. Оның сөзіне қарағанда, олар бұл наразылық шараларын Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Мәскеуге жеткенде жасамақшы.

Түркмен президенті бұл сапарында ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен екі елдің экономикалық ынтымақтастығы және каспийлік жаңа табиғи газ құбырының құрылысы туралы келіссөздер өткізбекші.
XS
SM
MD
LG