Accessibility links

Батыс дипломаттарының Днестрмаңына баруына тыйым салынды


Молдованың жікшіл Днестрмаңы аймағының жетекшісі өзінің АҚШ пен Чехия елдерінің елішілеріне, сонымен қатар ЕуроОдақ өкілдеріне бұл аймаққа келуге тыйым салғанын айтты.
Игорь Смирновтың айтуынша, бұл тыйым шаралары Днестрмаңы ресмилерінің Еуропа Одағы елдеріне баруына қарсы жасалған шектеудің созылуына жауап болып отыр.

Смирнов бұл тыйым Чехия елшісі Петр Кипр, Еуропа Одағының арнайы өкілі Кальман Мижеи және АҚШ-тың Молдовадағы елшісі Асиф Чаудриге салынып отыр деді.

Чехия Еуропа Одағына төрағалықты алған. Одақ жікшілдік қақтығысты шешуге қатыспады деп Днестрмаңы ресмилеріне 2003 жылы еуропалық елдерге баруға тыйым салған болатын.
XS
SM
MD
LG