Accessibility links

Әлемдік діндер съезі БҰҰ-ның қолдауымен өтеді


Финляндияда іс сапарда жүрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні «Паасикиви» саясаттанушылар қоғамының мүшелерімен болған кездесуде, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті үшінші съезінің үстіміздегі жылдың 1-2 шілдесінде БҰҰ-ның қолдауымен Астанада өтетіндігін жария етті. Бұл туралы «Қазақстан бүгін» ақпарат агенттігі хабар таратты.

«Біздің мемлекет әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екі съезінің өтуіне бастамашы болып, оны өз жерінде өткізді. Аталған форум әлемдік діндер арасындағы диалогтың беделді алаңына айналды», деді Нұрсұлтан Назарбаев.
XS
SM
MD
LG