Accessibility links

Беларусте оппозиция белсенділері тұтқындалды


Адам құқықтарын қорғаушы топтың айтуынша, Беларусь билігі 10 оппозициялық белсендіні шерудің алдында тұтқындаған. “Весна” тобының хабарлауынша, бүкіл ел бойынша тұтқындаулар мен тексерулер сәрсенбі күні орын алған.

Ал бұл екі арада, оппозицияның жоспарланған наразылық шаралары алдында көптеген полиция қызметкерлері Минск көшелеріне орналастырылды. Президент Александр Лукашенконың үкіметі “Бостандық күніне” қатысты кез келген шерудің алдын аламыз деп ескерткен болатын. Наурыздың 25-де алғашқы Беларусь мемлекетінің 1918 жылғы декларациясы атап өтіледі.
XS
SM
MD
LG