Accessibility links

Марат Тәжин ресми сапармен Бейжіңге бармақ


29 наурызда Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ян Цзечидің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин ресми сапармен Бейжіңге бармақ, — деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Екі күндік сапар бағдарламасында Марат Тәжиннің ҚХР сыртқы істер министрі Ян Цзечимен және ҚХР Төрағасының орынбасары Си Цзиньпинмен кездесуі жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG