Accessibility links

Қазақстанға Иран президентінің сапары жопарлануда


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2009 жылғы 25 наурызда ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рамин Мехманпарастпен кездесті.

Кездесудің мақсаты – сәуір айына жоспарланған Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Қазақстанға ресми сапарының жайын талқылау. Кездесуге қатысушылар көлік саласындағы екі мемлекеттің ынтымақтастығы жөніндегі мәселелерді қарастырды.
XS
SM
MD
LG