Accessibility links

Қазақстанда металлургия конференциясы өтеді


Қазақстанда 23-24 сәуір күндері ҚР индустрия және сауда министрлігінің қолдауымен «Русмет» тау-кен өнеркәсібі және металлургия саласындағы ақпараттық-сараптамалық қызмет тобы 2-ші Қазақстандық металлургия конференциясын өткізбек.

Конференцияның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының әкімшілік, өнеркәсіптік, банк және сауда құрылымдарының Ресей мен алыс-жақын шетелдердегі ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту. Сондай-ақ, Қазақстан металлургия саласының даму болжамдары мен шынайы жағдайын көрсету.
XS
SM
MD
LG