Accessibility links

Ресейде Ауғанстанға қатысты конференция басталды


Мәскеуде Ауғанстанға қатысты халықаралық конференция ашылды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Ресей НАТО-мен ынтымақтастығын кеңейтуге әзір. Лавров сондай-ақ жұма күнгі конференция Ауғанстандағы лаңкестік және есірткі саудасымен күресті жақсартуға бағытталған халықаралық үйлестіру іс-қымилдарын дамытуы тиіс.

Бұл жиынды Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырып отыр. Аталған ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстан елдері мүше боп табылады. Конференцияға сондай-ақ Иран, Түркия, БҰҰ, ЕуроОдақ, НАТО мен АҚШ өкілдері қатысуда.
XS
SM
MD
LG