Пәкістан ресмилерінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысындағы бір мешітте жанкештілік жарылыс орын алып, кемінде 48 адам қаза тапқан. Жамруд қаласындағы мешітте адамдар жұма намазын оқып жатқан кезде бір жанкешті кісі өзін-өзі жарып жіберген. Бұл шабуылдан сондай-ақ 70-тен астам адам жарақат алды деп хабарланып отыр.