Accessibility links

Обама жаңа ауған стратегиясын жариялады


Президент Барак Обама жұма күні АҚШ-тың Ауғанстандағы жаңа стратегиясын жариялады. Обаманың мәлімдеуінше, Ауғанстандағы жағдай өте қауіпті және оның әкімшілігі Ауғанстан мен Пәкістандағы Әл-Қаиданы жоюды өзіне мақсат етіп қойған. Барак Обама Ауғанстан армиясын жаттықтыру үшін АҚШ-тың 4 мың нұсқаушысын жіберуге шақырды. Бұдан бұрын тамыз айындағы президент сайлауы алдында Вашингтон Ауғанстанға қосымша 17 мың сарбаз жібереді деп жарияланған болатын. Обама әкімшілігі сондай-ақ Ауғанстандағы жемқорлық мәселесіне аса назар аудармақ.

Сонымен қатар Обама Пәкістан үкіметі ел шекарасындағы Әл-Қаиданы жою мақсатындағы міндеттемелерін көрсетуі тиіс деп мәлімдеді. Пәкістанда тұрақтылық орнатуға көмектесу үшін Конгрестен жыл сайын 1.5 миллиард доллар бөлуді сұраймын, деді Обама.
XS
SM
MD
LG