Accessibility links

Израиль лидері Қазақстан халқын Наурызбен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Израиль президенті Шимон Перес өзара телефон әңгімесінде екі елдің арасындағы қарым-қатынастың келешегін талқылады. Ол туралы Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлайды. Хабарға қарағанда, телефон әңгімесі Израиль жағының бастамасымен болды. Ш.Перес Н.Назарбаев пен Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.
Әңгіме барысында екі елдің қарым-қатынасы мәселелерімен бірге, бірқатар маңызды аймақтық проблема сөз болды, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі.
XS
SM
MD
LG