Жексенбіде Черногорияда – кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр. Бұрынғы Югославияның ең кіші республикасында 500 мыңға жуық халықтың дауыс беру құқы бар.
Біздің жергілікті тілшіміз Айя Кугенің хабарлауынша, Черногория парламентіндегі 81 депутаттық мандатқа 16 саяси партия мен саяси коалиция таласуда. Премьер-министр Мило Джуканович бастаған билік басындағы Демократиялық партия жасақтаған “Еуропалық Черногория үшін” коалицияның жеңіске жету мүмкіндігі басым саналады.
Сайлауалды сауалнаманың қорытындысына қарағанда, билік басындағы коалиция басым дауысқа ие болатын сияқты, ал оппозиция әлсіз әрі оның ішінде бірлік жоқ. Саяси сарапшылардың пікірінше, кезектен тыс сайлау өткізудің басты себебі – билік басында үзіліссіз 20 жыл отырған Мило Джуканович Черногорияға әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың теріс ықпалы жетпей тұрып өзінің билік мандатын ұзартып алмақшы.
Осыдан 3 жыл бұрын Черногрия Сербиямен арадағы мемлекеттік одақтан шығып дербес ел болды.