Accessibility links

Ирақ полициясы шығынға ұшырауда


Ирақтың Әл-Басра қаласынан оңтүстікке қараған бойда минаның жарылысынан кем дегенде 5 кісі қаза болып, тағы 9 адам жараланды. Бұл қастандық мұнай өнеркәсібінің нысандарын күзеткен полиция жасағына қарсы бағытталса керек.
Киркук қаласында жол бойына қойылған бомбаның жарылысынан 8 полицей жараланды. Полиция майоры мен тағы 6 полицей – Бағдадтан батысқа қарай орналасқан Әл-Фаллуджа қаласының түбіндегі минаның жарылысынан жараланды.
XS
SM
MD
LG