Accessibility links

Д.Медведев: кейбір журналистің саяси астармен өлтірілгені рас


Ресей президенті Дмитрий Медведев британдық Би-Би-Си телекомпаниясына берген сұхбатында Ресейде кейбір журналисті өлтірген жайттың саяси астары барлығын мойындады.
ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы қожайыны Михаил Ходорковскийдің ісін қайта қарау немесе оған рақымшылық жасау мүмкін бе ? –деген сауалға Д.Медведев мемлекет атынан оған рақымшылық жасау құзырының ғана барлығын айтты. Оған қоса Ресей президенті М.Ходорковскийдің тағдыры оған қарсы қозғалған жаңа қылмыстық іс бойынша сот шешімі шыққан соң ғана анықталатынын мәлімдеді.
Сұхбат барысында Ресейде екі бөлімшесі жабылған Британ кеңесінің жұмысы туралы да мәселе сөз болды. Д.Медведев барлық заңнамалық мәселе реттелген соң, ол кеңес өзінің жұмысын жалғастырады деп сөз берді.
Екінші рет президент сайлауына түсу мүмкіндігі туралы сөз болғанда Д.Медведев ол туралы айтуға әзірше ертелеу деп жауап берді.
XS
SM
MD
LG