Accessibility links

Брюссельде қазақстандықтарға визалық тәртіпті оңайлату қарастырылмақ


Брюссельде «Қазақстан Республикасы — Еуроодақ» ынтымақтастық комитетінің негізгі отырысы өтеді, — деп хабарлайды ҚазТАГ. Жиын қарсаңында қазақстандық делегацияның кездесуі өтті.

Ынтымақтастық комитетінің 9-отырысына қатысатын қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары — Еуроодақпен ынтымақтастық жөніндегі ұлттық үйлестіруші Константин Жигалов, Бельгиядағы ҚР-ның төтенше және өкілетті елшісі болып жақында тағайындалған Ерік Өтембаев, әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов, сондай-ақ Жоғарғы сот пен Бас прокуратура, Орталық сайлау комиссиясының өкілдері бар.

Жиынға қатысушылар ағымдағы мәселелерді кең көлемде талқылап, виза саясаты мен заңсыз миграция жөнінде сараптамалық кеңес өткізбек. Аталмыш отырыста Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті оңайлату мәселесі де қарастырылады.
XS
SM
MD
LG