Accessibility links

Қазақстанда қару сатқан израильдық азамат қолға түсті


Израильдық Newsru.co.il сайтының «Маарив» газетіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қазақстанда қару сатумен айналысқан израильдық Борис Шейнкман қолға түсті.

Қазақстандық арнаулы қызмет өкілдері оны бір апта бұрын тұтқындап, одан кейін Астанаға алып кеткен. Бірақ бұл тақырыптағы алғашқы жарияланым Израиль баспасөзінде жексенбі, яғни 29 наурыз күні ғана жарық көрді.

Израильдық БАҚ-ның мәліметінше, Шейнкман Қазақстанда израильдық «Солтам», ТААС, «Элбит» және «Аэронотикс» сияқты бірнеше ірі әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорнының атынан қызмет етіп жүрген. 2007, 2008 жылдары бұл фирмалар Қазақстанмен 300 миллион долларлық сауда келісімін жасасқан.

«Маарив» газетіне сұхбат берген Израиль қорғаныс өнеркәсібі өкілдерінің ақпаратынша, осы келісімнің арқасында Қазақстан Ресей мен Америкада жоқ жаңа қару-жарақтарға ие болған.

Newsru.co.il сайтының жазуынша, 1991 жылға дейін Қазақстанда тұрған 61 жастағы Борис Шейнкман қазіргі уақытта отбасымен Израильде тұратынына қарамастан көп уақытын Қазақстанда өткізеді екен. Израильдің Қазақстандағы елшісі тұтқынмен жүздесуге рұқсат алып, камераға келгенде бірнеше сағаттан кейін кездесудің болмайтындығы хабарланған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG