Accessibility links

Дубайда Ямадаевқа қастандық жасалды


Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары сенбі күні Дубайда қастандыққа ұшыраған адамның Сулим Ямадаев екенін хабарлады. Оның жақын туыстарының бірі қазір ауруханада жатқан Сулим Ямадаевтің өмірін қауіпсіздендіру шараларының қолға алынғанын айтты.

Болған оқиғаға қатысты ресейлік құқық қорғау органдарынан да, Біріккен Араб Әмірліктері үкіметі тарапынан да ресми түсініктеме берілген жоқ.

Сулим Ямадаев Ресейдің батыры, Шешенстан мен Оңтүстік Осетиядағы жауынгерлік ұрыстарға қатысушы, әскери қайраткер, подполковник. Өткен жылы Мәскеуде оның бауыры, Ресейдің батыры Русланды атып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG