Accessibility links

Алматыда бес тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта басталады


Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада үлескерлердің қатысуының қолдауымен бес тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта басталады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Атрикс строй» ААҚ мен «Тенгизстрой» ААҚ-на тиесілі үш нысан несие жүйесімен жеке қаржыға салынып жатыр. Ал, «Айт хаузинг» ААҚ мен «Ахсель кент» тұрғын кешенінің құрылысы «Даму» бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. «Супер аккорд — Қуат» ААҚ салатын «Тау самал» кешеніне «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры қаржы бөліп отыр.

Аталған нысандарды пайдалануға берудің алғашқы мерзімі 2009 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. 2-кезең 2010 жылдың мамыр айында аяқталады.
XS
SM
MD
LG