Германиядағы АҚШ әскери соты бір америкалық жауынгерді 2007 жылы 4 ирақтық тұтқынды әдейі өлтірді деп айыптауда. Сержант Жосеф Мейомен бірге тағы екі АҚШ жауынгері осындай істе айыпталуда. АҚШ жасағына жасалған шабуылдан 2 жауынгер қаза болысымен әлгі солдаттар тұтқындағы 4 ирақтықты бастарына пистолетпен атып өлтірген деген айып оларға тағылуда. Мейо өмірлік абақтыға кесіліп, түрмеге жабылуы мүмкін.