Қазақстан қаржы полициясы қызметкерлері бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовты тұтқындады. Бұл жөнінде Қаржы полициясы баспасөз қызметі
хабарлауда. Қызмет бабын пайдалана отырып, бюджеттегі бір миллиард 100 миллион теңгені ұрлауды ұйымдастырды деген айып Ысқақовпен бірге “Меркури плюс” компаниясының өкілі А. Жайылғановқа да тағылуда. Олар қазір Астанадағы уақытша тергеу абақтысында отыр. Ақпанның 28-де осы министрліктің вице-министрі Әлжан Бралиев, ал наурыздың 3-де тағы бір вице-министр Зейнолла Сәрсенбаев тұтқындалған еді. Сәрсенбаев қазір үй тұтқынында отыр.