Accessibility links

Ресми Исламабад Полиция академиясына бақылауды қайта орнатты


Пәкістанның қауіпсіздік күштері Лахор қаласы сыртындағы Полицияның жаттығу академиясына бақылауды қайта орнатты. Наурыздың 30-да таңертең ол жерге винтовкалар және қол гранаталармен қаруланған топ шабуыл жасаған болатын. Хабарларға қарағанда, оның кесірінен полицияның 20-дай жас қызметкері қаза болып, бірнеше ондағаны жараланған. Бірнеше жүздеген полиция және әскери тұлғалар академия ғимаратын қоршап, шабуылшылармен сегіз сағат бойы атысқан еді. Ол шабуылшылардың 4-еуі оққа ұшып, 3-уі тұтқындалған екен. Аталған шабуылды қандай топтың жасағаны әлі белгісіз.
XS
SM
MD
LG