Accessibility links

Түркияның Әділет және даму партиясы жергілікті сайлауларда алға шықты


Жексенбі күнгі ол сайлаулардың жекелеген қортындыларына қарағанда үкімет басшысы Режеп Тайп Ердоғанның Әділет партиясы 39 пайыз дауыс жинаған. Бұл- 46 пайыз дауысқа ие болған 2007 жылғы сайлаумен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Дей тұрғанмен бұл жолғы жарыста оппозициядағы Республикалық халық партиясы 20 пайызбен екінші орынға, ал Ұлттық әрекет партиясы үшінші орынға шықты.

Жауласушы саяси партиялар арасындағы қақтығыстан жексенбіде 6 адам қаза болып, оншақтысы жараланған.
XS
SM
MD
LG