Accessibility links

НАТО: Ауған қауіпсіздігін қолдауға 2 миллиард доллар қажет


Ауғанстан әскері мен полициясына қолдау көрсету үшін НАТО-ға жыл сайын халықаралық қауымдастықтан 2 миллиард доллар қажет. Бұл жөнінде НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер “Financial Times” газетіне берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, сейсенбіде Нидерландияның Гаага қаласында болатын Ауғанстанға байланысты конференцияда НАТО-ға мүше емес елдерден осындай көмек сұрауға болады. Хабарларға қарағанда, Ауғанстанның 134 мыңдық әскеріне қолдау білдіру үшін қазіргі кезде НАТО қорында 25 миллион доллар ғана бар.

Ауғанстан әскері мен полициясына қолдау көрсету және оны кеңейту мәселесі НАТО саммитінің де күн тәртібінде тұрмақшы.
XS
SM
MD
LG