Accessibility links

АҚШ: Қарзай президенттік қызметінде тамыз сайлауларына дейін қалуы тиіс


АҚШ Хамид Қарзайдың президенттік қызметінде тамыз сайлауларына дейін қалуы туралы Ауған Жоғарғы сотының шешімін қызу қуаттауда. Бұл шешім тұрақтылық үшін өте маңызды деді Мемлекеттік департамент өкілі.

Ауғанстанның негізгі оппозициялық одағының айтуынша, Хамид Қарзайдың президенттік қызметінде тамыз сайлауларына дейін қалуы туралы Жоғарғы соттың шешімі- орынсыз. Ұлттық майдан коалициясы өкілінің айтуынша, бұған орай таяу арада халықтық шерулер болуы мүмкін.

Наурыздың 29-дағы сот шешіміне қарағанда Қарзай Конституцияға сай билік мерзімі мамырда бітетініне қарамастан, келесі президент таққа жайғасқанға дейін қызметін жалғастыра бермекші. Мұның өзі аралық 3 айда елге кім президент болады деген сауалға нүкте қояр еді дейді сарапшылар.

Қарзай ол сайлауға үміткер ретінде қатыспақшы.
XS
SM
MD
LG