Accessibility links

Борышкерлер мәлімдемелерін президентке жолдамақ


Бүгін сағат 11.00-де аштық жариялаған борышкерлер өздеріне қысым көрсетілудің тоқтамағаны және өз қатарларына аштық жариялаушылардың жаңа легінің қосылып жатқанын және басқа мәселелер жөнінде хабарлап, мәлімдеме жасамақшы.

Бұл туралы Азаттыққа мәлімет берген АТФ банкінің борышкері, 14 күннен бері аштық жариялаушы Райхан Әлімбекова былай деді: «Біз бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жинап, солардың алдында өзіміздің өтініш-тілектерімізді жеткізгіміз келіп отыр. Мұнда біз банктен несиелік қарыздарымызға 3-5 жылға дейін үзіліс беруін сұрап отырмыз. Бірақ банк басшылығы бұл мәселелер біздің құзырымызда емес, АФН не айтса, соны орындаймыз, солармен келісіңіздер деп отыр. Сондықтан банктерді үйлерімізді тартып алуға итермелеп отырған АФН басшысы Елена Бахмутованы шақырып, сөйлескіміз келіп отыр. Сонымен қатар Парламент мәжілісінен Орал Мұхамеджановпен кездесіп, ипотекалық несиеде тұрған үйдің сатылуы заң бойынша дұрыс еместігін айтқымыз келеді. Қазақстанның азаматын үйін тартып алып, қаңғыртып жіберсін деген ешқандай заңда көрсетілмеген, біздің мәлімдемеде айтқымыз келгені — құзырлы орындар заңға сәйкес жұмыс істеп, сол бойынша шешім шығарсын. Дайындаған мәлімдемемізді Конституцияның кепілі ретінде ҚР президентіне жолдаймыз».
XS
SM
MD
LG