Accessibility links

Обама автокомпаниялардың қайта құрылым мерзімін белгіледі


АҚШ президенті Барак Обама «Крайслер» және «Дженерал Моторс» автомобиль компаниялары жақын арада кең көлемде қайта құрылым өткізсе ғана үкіметтен қаржылай көмек ала алады деп мәлімдеді.

Барак Обаманың айтуынша, дағдарысқа байланысты банкрот қаупі төніп тұрған бұл компаниялар осы уақытқа дейін миллиардтаған несие беруді ақтайтындай тиімді ұсыныстар жасамаған.

Барак Обама «Дженерал Моторстан» шығындарды қысқарту жоспарын 60 күн ішінде жеткізуді талап етті. «Крайслер» компаниясына итальяндық «Фиат» фирмасымен бірігу келісімін бекітуге 30 күн мұрсат берілді. Сонымен бірге АҚШ президенті бақылаудағы компанияның болуы мүмкін банкроттығын да жоққа шығарған жоқ.
XS
SM
MD
LG