Accessibility links

Транспорт және коммуникация министрлері Бакуде бас қоспақ


ҚР транспорт және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2-ші сәуірде Баку қаласында Каспий жағалауы елдері транспорт және коммуникация министрлерінің алғашқы жиыны өтеді. Аталған жиынға ҚР транспорт және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов қатысады.

Бұл кездесу 2007 жылы Теһранда өткен Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының саммитінің шешімдерін орындау және 2008 жылы Астраханьда өткен үкіметаралық экономикалық конференцияда қол жеткен келіссөздер аясында өткізіледі.

Отырыстың күн тәртібінде Каспий жағалауы елдері аумағының транспорттық байланыс және коммуникация саласын жетілдіру саласындағы ынтымақтастығы мәселесі қаралады.
XS
SM
MD
LG