Accessibility links

Прокуратура: Әблязовтың қылмыстық тобының мүліктері тұтқындалды


Сейсенбі күні Қазақстан бас прокуратурасы БТА банкінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов жетекшілігіндегі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі тәркіленді деп жариялады. Прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпеисовтың мәлімдеуінше, 1 миллиард 287 миллион тенге көлеміндегі қаржы мен 1 миллион доллар және 3 ұшақ, 3 ғимарат, сондай-ақ, Алматы мен Алматы облысындағы 106 жер телімі, 86 пәтер және тағы басқа мүліктер тәркіленген. Бұл туралы КазТАГ агенттігі хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG